(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 05.06.00 Ж. № 841 ҚАУЛЫСЫ
Тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған шығарушылық кеден баждарының
ставкалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 5 маусымдағы № 841 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.11.00 ж. № 1713; 20.03.01 ж. № 372; 09.01.02 ж. № 13;
12.02.04 ж. № 170; 2004.27.12. № 1404; 2005.06.06. № 564
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 6 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Отандық тауар өндірушілерді қолдау және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден тысқары жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылатын тауарларға арналған кеден баждарының ставкалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін қазақстандық тарап қабылдаған сауда қызметін реттеу жөніндегі іс-шаралар туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы жарияланғаннан кейін отыз күннен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 5 маусымдағы
№ 841 қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 14.11.00 ж. № 1713; 20.03.01 ж. № 372 қаулыларымен қосымша толықтырылды; ҚР Үкіметінің 09.01.02 ж. № 13 қаулысымен қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 12.02.04 ж. № 170 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2004.27.12. № 1404 қаулысымен; 2005.06.06. № 564 (бұр. ред. қара) қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына қатысушы
мемлекеттерден тысқары жерлерге әкетілетін тауарларға арналған
кедендiк баждардың ставкалары
Редакция документа
Демо – версия документа