Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 16.05.03 Ж. № 454 ҚАУЛЫСЫ

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi
мемлекеттік тiркегенi үшін алым ставкаларын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 16 мамырдағы № 454 қаулысы

Осы редакция 2005 ж. 1 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) және Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкаларын тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкалары бекітілсін.

2. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 наурыздағы № 373 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 89-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 16 мамырдағы

№ 454 қаулысымен

бекітілген

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелердi

мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкалары

1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкалары:

1) меншiк, шаруашылық жүргiзу, жедел басқару, сенiмгерлiк басқару, кепiл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқасы) құқықтарының туындауын тiркегенi үшiн:

пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектілерiмен), шаруашылық құрылыстарына - алым төлеген күнi қолданыстағы бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку