(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 23.12.02 Ж. № 1348 ҚАУЛЫСЫ
«Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне
қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 23 желтоқсандағы № 1348 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 24 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1348 қаулысымен бекітілген
Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын
қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары
Осы Біліктілік талаптары өрт қауiпсiздiгi саласындағы лицензиялық қызметпен айналысу құқығына үмiткер субъектiлерге қолданылады және оған мыналарды қамтиды:
1) өрт дабылы мен өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау:
заңды тұлғаның штатында жұмыс iстейтін және лицензиялық жұмыс түрлерін орындауға келген маманның, сондай-ақ жеке тұлғалардың жоғары немесе орта техникалық білімi және өрт дабылы, өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау мәселелерi бойынша бақылауды немесе басшылықты (немесе тiкелей жұмысты) жүзеге асырып келген маман ретiнде кемiнде үш жыл жұмыс стажы болуы тиiс;
субъектiнің жобалау жұмыстарын орындау үшiн нормативтік-техникалық базасы (әдебиетi) болуы тиiс;
Редакция документа
Демо – версия документа