(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 сәуір № 565 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 19 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмысты жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 қарашадағы № 1654 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Министрліктер, агенттіктер мен өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) өздерінің нормативтік құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінің
2000 жылғы 13 сәуірдегі
№ 565 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Мемлекеттік баға тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 наурыздағы № 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 11, 197-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік баға тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар қолдану тәртібі туралы ережеде:
18-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара берешегінің ішкі республикалық есебі бойынша есеп айырысуды аяқтау тәртібі туралы» 1994 жылғы 5 сәуірдегі № 1641 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 12 сәуірдегі № 372 қаулысында:
2-тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа