(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.30.09. № 1481 ҚАУЛЫСЫ
Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық
жұмыстарды және топографиялық-геодезиялық және
картографиялық өнімдерді сатуды лицензиялауға қойылатын
біліктiлiк талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 30 қыркүйектегі № 1481 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124;
2005.30.03 № 285 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуды лицензиялауға қойылатын біліктілiк талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы:
реттік нөмірі 13-жолдағы:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі";
3-бағандағы "топографиялық-геодезиялық" деген сөздердің алдында "Жерге орналастыру," деген сөздер жазылсын;
2) "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшадағы:
Редакция документа
Демо – версия документа