«Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1610 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы
№ 828 Жарлығына толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы»
ҚР Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгізiлсiн:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мына кандидатуралар:
1) әлеуметтiк-экономикалық блок (Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет, ақпарат және спорт) министрлерiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң және Сенатының бейiндiк комитеттерiнде;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi басшыларының лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының бейiндiк комитетiнде;
3) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң Мемлекет басшысы тағайындайтын Төрағасы мен екi мүшесiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң бейіндік комитетiнде алдын ала талқылануға тиiс деп белгiленсiн.";
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесiнде:
мына:
Документ утратил силу
Демо – версия документа