(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1998 Ж. 22 СӘУІРДЕГІ № 220-1 ЗАҢЫ
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі
бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының
1998 ж. 22 сәуірдегі № 220-I Заңы
(ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 21.05.02 ж. № 323-II;
16.05.03 ж. № 416-II; 29.12.03 ж. № 512-II; 18.03.04 ж. № 537-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 8 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 12 баптар)
ІІ-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру (13 - 22 баптар)
ІІІ- тарау. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің жарғылық капиталы (23 - 37 баптар)
IV-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі (38 - 40 баптар)
V-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару (41 - 60 баптар)
VI-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті
қайта ұйымдастыру және тарату (61 - 69 баптар)
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңына сәйкес 1-бап толықтырылды
1-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуы мен таратылуын белгілейді.
2. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін.
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серіктестіктердiң ерекшелiктерi банк заңдарымен белгіленуi мүмкiн.
3. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке осы Заңның ережелері қолданылады, өйткені осы Заңның 3-бабында өзгеше жағдай көзделмеген.
Редакция документа
Демо – версия документа