Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.05.03. № 210 ҚАУЛЫСЫ

“Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желiлiк кестесi туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.29.04.  № 408 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2005 ж. 1 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі Жалпыұлттық iс-шаралар жоспары туралы" (бұдан әрi - Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 528 өкімін iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берілiп отырған Жоспардың iс-шараларын орындаудың желiлiк кестесi (бұдан әрi - Желілiк кесте) бекітілсiн.

2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Президентiнің Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөніндегі ведомстволық iс-шаралар жоспарларын Жоспарға және Желілiк кестеге сәйкес келтiрсiн.

3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) және басқа мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) бірiншi басшылары Желiлiк кестенiң мүлтiксiз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.

4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша) және басқа мемлекеттік органдар (келісім бойынша) ай сайын 1-күннен кешіктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың және Желілiк кестенiң орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң

2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен

бекітілген

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку