Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы»
Қазақстан Республикасы заңының орындалуын
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 маусымдағы № 552 қаулысы

 

Осы редакция 2005 ж. 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы № 1873-XII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн.

2. Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекарада:

шекара маңындағы аудандардың, қалалардың, ауылдық кеңестердiң, темір жол стансаларының, әуежайлардың және өзен айлақтарының аумағы шегiнде осыған қосылған тiзбеге сәйкес шекара аймағы;

мемлекеттік шекараға жанасатын жерлердiң 2000 метрлiк тiлкемi шегiнде шекара тiлкемi;

шекара тiлкемi шегiнде мемлекеттік шекара бойында енi 500 метрлiк карантин тiлкемi белгiленсiн.

Мемлекеттік шекараны күзету мұқтажы үшiн бұрын шекара әскерлерiнiң тұрақты пайдалануына бөлiнген жерлер, инженерлiк қоршаулар тұрғызу, жолдар мен көпiрлер салу үшiн шекара тiлкемiнде, сондай-ақ одан тыс жерлердегi енi 30-50 метрлiк жер тiлкемдерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы бойындағы бес метрлiк тiлкем де оларға өтемсiз бекітіп берiлсiн.

3. Алматы, Талдықорған, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету туралы Ережеге сәйкес және жергiлiктi жағдайды ескере отырып, шекара аймағындағы шекаралық режим туралы шекара әскерлерiмен келісілген шешiмдер қабылдасын. Карантиндi орындау, сондай-ақ шекара нарядтары мен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң нарядтары қызмет атқаратын шекара аймағының шекарасын қажеттi белгiлермен және нұсқағыштармен жабдықтау жөнiнде мүдделi шаруашылықтардың, органдар мен мекемелердiң шаралар жиынтығын жүзеге асыруын қамтамасыз етсiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку