(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 28 ҚАҢТАРДАҒЫ № 136 ҚАУЛЫСЫ
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық
реттеудiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 28 қаңтардағы № 136 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 27.06.00 ж. № 956; 29.05.02 ж. № 595; 13.03.03 ж. № 241;
17.07.03 ж. № 702; 20.08.04 ж. № 881 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж.20 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болуын құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртібі (бұдан әрi - Тәртiп) бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 27.06.00 ж. № 956 қаулысына сәйкес 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен 2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзiмде:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы ?кіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгізсiн;
2) осы қаулымен бекітілген Тәртiптiң ережелерiн iске асыру мақсатында нормативтi құқықтық актілердi әзiрлеудi, келiсудi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі осы қаулының 2-тармағының iске асырылуына жәрдем көрсетсiн.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 наурыздағы № 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., № 7, 87-құжат);
Редакция документа
Демо – версия документа