(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Кредиттiк серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтердi,
сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердiң нысандарын және
ұсыну мерзiмiн белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы
рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 199 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 25 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кредиттiк серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Кредиттiк серіктестіктерге арналған мынадай пруденциалдық нормативтер белгiленсiн:
жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi;
меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi;
меншiк қаражаты жеткiлiктiлiгiнiң коэффициентi;
бір қатысушыға тәуекел коэффициентi;
өтiмдiлiк коэффициентi.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Аграрлық секторды кредиттеу мәселелерi туралы" 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысын iске асыру шеңберiнде құрылған кредиттiк серіктестіктер осы пруденциалдық нормативтердiң осы қаулысында көзделген "Аграрлық кредиттiк корпорация" акционерлік қоғамынан алынған заемдар бойынша мiндеттемелердi, сондай-ақ аталған кредиттiк серіктестіктердiң "Аграрлық кредиттiк корпорация" акционерлік қоғамының жоғарыда аталған кредиттерi есебiнен өзiнiң қатысушыларына берген заемдар бойынша талаптарды есепке алмайды.
3. Кредиттiк серіктестіктiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi 10 миллион теңге болады.
Осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген кредиттiк серіктестіктердiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi 3 миллион теңге болады.
4. Кредиттiк серіктестіктiң меншiктi капиталының ең төменгi мөлшерi 8 миллион теңге болады.
Осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген кредиттiк серіктестіктердiң меншiктi капиталының ең төменгi мөлшерi 1 миллион теңге болады.
төленген жарғылық капитал (кредиттiк серіктестік қатысушыларының мiндеттi жарналары шегiнде);
кредиттiк серіктестік қатысушыларының қосымша жарналары;
қосымша капитал;
Редакция документа
Демо – версия документа