Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N
1237 қаулысы

 

Осы редакция  2005 ж. 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi;

2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын.

3. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi;

2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетi;

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi құрылсын.

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын.

5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

6. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi туралы ереже;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку