(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 11.06.99 Ж. № 731 ҚАУЛЫСЫ
"Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің
қаражаты есебінен тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы"
Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
11 маусымдағы № 731 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 703; 04.12.02 ж.
№ 1278 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 ж 7 шілдедегі № 707 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қоса беріліп отырған "Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы" Нұсқаулық бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Үкіметінiң 1999 жылғы
11 маусымдағы № 731
қаулысымен бекітілген
Әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегі жәрдемақыларды
жұмыс берушілердiң қаражаты есебiнен тағайындаудың
және төлеудiң тәртібі туралы
Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық 1999 жылдың 18 сәуiрiнен бастап әлеуметтiк жәрдемақыларды жұмыс берушілердiң қаражаты есебiнен тағайындау және төлеу процесiнде қалыптасқан қатынастарды реттейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыс берушi осы Нұсқаулықта көзделген тәртiппен қызметкерлерге, тиiстi жағдайларда олардың отбасы мүшелерiне өз қаражаты есебiнен:
жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша;
жүктiлiгi және босануы бойынша әлеуметтiк қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылар беруге мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 04.12.02 ж. № 1278 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
2. Әлеуметтік жәрдемақылар қызметкерге оның жұмыс iстейтiн орны бойынша тағайындалады және төленедi.
3. Жұмыс берушi аталған жәрдемақыларды төлеу жөніндегі мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша
жәрдемақылар
Редакция документа
Демо – версия документа