(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 31.03.99 Ж. № 329 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 31 наурыздағы № 329 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 03.09.99 ж. № 1301; 20.12.00 ж. N
1865; 08.06.01 ж. № 777; 27.06.01 ж. № 883; 10.11.01 ж. № 1433;
28.12.01 ж. № 1755; 26.09.02 ж. № 1057; 11.10.02 ж. № 1116;
03.03.04 ж. № 261 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереже бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 20.12.00 ж. № 1865; 27.06.01 ж. № 883 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне алты, оның ішінде бір бірінші вице-министрі болуға рұқсат етілсін.
ҚР Үкіметінің 03.09.99 ж. № 1301 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3.
4. Құпия.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінің
1999 жылғы 31 наурыздағы
№ 329 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 08.06.01 ж. № 777; 28.12.01 ж. № 1755; 26.09.02 ж. № 1057; 11.10.02 ж. № 1116; 03.03.04 ж. № 261 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі (бұдан әрi Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын, құқық қорғау қызметi саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуге қатысатын және iске асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа