(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 18 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 952 ҚАУЛЫСЫ
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық
комиссиясының қазақстандық бөлiгi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 952 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.06.04 ж. № 642 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсiн:
1) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамы;
2) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ереже.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының ұлттық бөлiгiн жасақтау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 қазандағы № 1541 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 қазандағы № 1541 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1437 қаулысы;
3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырудың 2-тармағы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 952 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 14.06.04 ж. № 642 қаулысымен құрам өзгертілді
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық
Редакция документа
Демо – версия документа