(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 21 МАУСЫМДАҒЫ № 683 ҚАУЛЫСЫ
Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2004.31.12 № 1449 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 533 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi |
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесi
Осы Ереже "Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеудің тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды жинауды және мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыдан - асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдi жүргiзетiн заңды тұлға.
2. Әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - әлеуметтік аударымдарды есептеудi және Қорға төлеудi жүзеге асыратын жұмыс беруші немесе өзін-өзi жұмыспен қамтыған адам.
3. Әлеуметтік аударымдар - Қорға төленетiн, заңда белгiленген мiндетті төлемдер.
4. Әлеуметтік аударымдар ставкасы - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсінің шамасына қарай пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Қорға төленетiн міндетті төлемдердiң тiркелген мөлшерi.
2. Әлеуметтік аударымдарды есептеудiң
тәртібі мен мерзiмi
Редакция документа
Демо – версия документа