(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005 ЖЫЛҒЫ 5 АҚПАНДАҒЫ № 110 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 Қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінiң 2005 жылғы 27 мамырдағы № 521 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды дeп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Yкіметінің
2005 жылғы 5 ақпандағы
№ 110 қаулысымен
бекітілген
Республикалық және жергiлiкті бюджеттердiң атқарылу
ережесi
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi (бұдан әрi - Ереже) республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылу тәртібін анықтайды.
2. Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылу тәртібі - олардың құзыретінде олар жүзеге асыратын және қолданыстағы заңнама актілерiне сәйкес бекітілген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бағытталған мемлекеттік мекемелердің iс-әрекетi.
2-бөлiм. Бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды)
қаржыландыру жоспарларын әзiрлеу және оларды өзгерту
1-тарау. Жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлеу тәртібі
Редакция документа
Демо – версия документа