(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.20.05. № 481 ҚАУЛЫСЫ
“Конкурстық өтiнiмнiң демпингтік бағасын айқындау ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы
№ 481 Қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінiң 2005 жылғы 27 мамырдағы № 519 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Конкурстық өтiнiмнiң демпингтік бағасын айқындау ережесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2005 жылғы 20 мамырдағы
№ 481 қаулысымен
бекітілген
Конкурстық өтiнiмнiң демпингтiк бағасын
айқындау ережесi
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және ықтимал жеткiзушiнiң тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшiн берiлетін конкурстық өтiнiмiнiң демпингтiк бағасын айқындау тәртібін белгiлейдi.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады.
2. Конкурстық өтiнiмнiң демпингтiк бағасын
айқындау тәртібі
3. Ықтимал жеткiзушiнiң конкурстық өтінiмiнiң демпингтiк бағасын айқындау кезiнде конкурстық комиссия, конкурс қорытындыларын шығарғанға дейiн, конкурсқа қатыспайтын өзара аффилиирленбеген кемiнде үш жеке және/немесе заңды тұлғалардан конкурс мәнiне ұқсас бiртектi тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң бағасы туралы ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
Редакция документа
Демо – версия документа