(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2004 ЖЫЛҒЫ 21 ҚАЗАНДАҒЫ № 1461 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау
жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 1461 Жарлығы
Осы редакция ҚР Президентінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 1576 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың тұрақты мониторингін, тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Мемлекеттік комиссияның шешімдері барлық құрылыс салушылардың, құрылысшы мердігерлік компаниялар мен фирмалардың назарына алынады деп белгіленсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
|
|
|
|
|
| Н.Ә. Назарбаев |
Президентінің
2004 жылғы 21 қазандағы
№ 1461 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске
асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа