«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысы (2011.25.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысы
(2011.25.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 567 қаулысымен бекiтілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы тауар номенклатурасы туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) «Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн бақылауды күшейту жөнiндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 8-құжат):
1-тармақта:
бiрiншi абзацта «Экономика, индустрия» деген сөздер «Индустрия» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзацта «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметiн лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi № 969» деген сөздер «Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгімен» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Кедендiк бақылау комитетi Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының* (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ СЭҚ TH) 7204**, 7404 00 кодтары бойынша қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын және ЕурАзЭҚ СЭҚ TH 7601 20 910 0, 7601 20 990 0, 7606 11 990 0, 7606 12 500 0, 7606 12 990 0, 7606 91 000 0, 7606 92 000 0, 7616 99 100 0 кодтары бойынша олардан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 7302, 8607** кодтары бойынша қолданыста болған рельстердi, темір жол төсенiші мен жылжымалы құрамның элементтерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан контрабандалық әкетудiң жолын кесу мақсатында тек қана темір жол және теңiз көлігімен экспорттауға рұқсат берсiн.
* Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де, атауымен де белгiленедi.
** Көлiк түрлерi бойынша экспортты шектеу көрсетiлген тауарлар нақты жағдайда баратын елi болып табылатын Еуропалық Одаққа мүше елдердiң аумағына экспортталған жағдайда қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендік бақылау комитетi қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарының, сондай-ақ бұрын қолданыста болған рельстердiң, темір жол төсенiшi мен жылжымалы құрам элементтерiнiң транзитi кезiнде iлеспе құжаттарда көрсетiлген жүктiң нақты болуына бақылауды күшейтсiн.»;
2) ҚР Үкіметінің 2011.25.03. № 272 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2011.25.03. № 272 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Ағаш пайдаланудың жеке мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегі № 785 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 239-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегі № 785 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 21 қарашадағы № 1163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 473-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 14 сәуірдегі
№ 353 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 10 шiлдедегi
№ 681 қаулысымен
Бекiтілген
Тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу кедендік
режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың
тiзбесi
P/c | Тауардың атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ TH |
1 | 2 | 3 |
1 | Спирттiң барлық түрлерi | 2207, 2208 90 910 0, |
2 | Бөренелер, шөркелер түріндегі, оның | 4401 10 000 0-нан* |
3 | Үгінділер және сексеуіл сүрегінiң | 4401 30-дана* |
4 | Өңделмеген, қабығы аршылған немесе | 4403 10 000 - 4403 |
5 | Бөшке жасайтын сүрек; жарылған | 4404 |
6 | Темір жол немесе трамвай жолдарына | 4406 |
7 | Өн бойымен араланған немесе | 4407 10 |
8 | Өн бойымен араланған немесе | 4407 91-ден |
9 | Өн бойымен араланған немесе | 4407 99 |
10 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi | 4408 10 |
11 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi | 4408 90 |
12 | Жиектерiнiң, жандарының немесе | 4409 |
13 | Бетон құюға арналған қалып | 4418 40 000 0 |
14 | өзге ағаш ұсталық құрастырмалар: | 4418 90 900 0-ден* |
* Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де, атауымен де айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 14 сәуірдегі
№ 353 қаулысына
2-қосымша
Тауарлар экспорты кедендiк режимiне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тiзбесi
P/c | Тауардың атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ TH |
1 | 2 | 3 |
1 | Бөренелер, шөркелер түріндегі, оның | 4401 10 000 0-нан* |
2 | Үгінділер және сексеуіл сүрегiнiң | 4401 30-дан* |
3 | Өңделмеген, қабығы аршылған немесе | 4403 10 000 - |
4 | Бөшке жасайтын сүрек; жарылған | 4404 |
5 | Темір жол немесе трамвай жолдарына | 4406 |
6 | Өн бойымен араланған немесе | 4407 10 |
7 | Өн бойымен араланған немесе | 4407 91-ден |
8 | Өн бойымен араланған немесе | 4407 99 |
9 | Қаптауға арналған (қабатты сүректі | 4408 10 |
10 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi | 4408 90 |
11 | Жиектерiнiң, жандарының немесе | 4409 |
12 | Бетон құюға арналған қалып | 4418 40 000 0 |
13 | өзге ағаш ұсталық құрастырмалар: | 4418 90 900 0-ден* |
* Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де, атауымен де айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 14 сәуірдегі
№ 353 қаулысына
3-қосымша
Тауарлардың керi экспорты кедендiк режимiне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тiзбесi
Р/с | Тауардың атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ TH |
1 | 2 | 3 |
1 | Бөренелер, шөркелер түріндегі, оның | 4401 10 000 0-нан* |
2 | Yгiндiлер және сексеуіл сүрегiнiң | 4401 30-дан* |
3 | Өңделмеген, қабығы аршылған немесе | 4403 10 000 - |
4 | Бөшке жасайтын сүрек; жарылған | 4404 |
5 | Темір жол немесе трамвай жолдарына | 4406 |
6 | Өн бойымен араланған немесе | 4407 10 |
7 | Өн бойымен араланған немесе | 4407 91-ден |
8 | Өн бойымен араланған немесе | 4407 99 |
9 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi | 4408 10 |
10 | Қаптауға арналған (қабатты сүректi | 4408 90 |
11 | Жиектерiнiң, жандарының немесе | 4409 |
12 | Бетон құюға арналған қалып | 4418 40 000 0 |
13 | өзге ағаш ұсталық құрастырмалар: | 4418 90 900 0-ден* |
* Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де, атауымен де айқындалады.