(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 8 ҚАҢТАРДАҒЫ № 19 ҚАУЛЫСЫ
Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіпті түрлерiнiң тiзбесiн және Оларды
мiндеттi мемлекеттік лицензиялау ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысы
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 340 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерінің тiзбесi;
2) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттік лицензиялау ережесi бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
3-бағандағы "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген реттiк нөмiрi 43-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi";
көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесi" деген І бөлiм мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
"27. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері";
Редакция документа
Демо – версия документа