(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Әділет органдары туралы
2002 ж. 18 наурыздағы № 304-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы
(2004.20.12. № 13-III; 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңдарымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 45-III Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға түсініктемені қара
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2-тарау. Әділет органдарының жүйесі және (5 - 14 баптар)
оның қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Әділет органдарының негізгі (15 - 24 баптар)
функциялары, құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Әділет органдарының кадрлары (25 - 32 баптар)
және олардың құқықтық жағдайы
5-тарау. Әділет органдарының ұйымдастырылуы (33 бап)
мен қызметінің өзге де мәселелері
1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттің қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
Редакция документа
Демо – версия документа