Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 01 НАУРЫЗДАҒЫ № 249 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік
мекемесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1
наурыздағы № 249 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция  ҚР  Үкіметінің 2005.06.04.  № 310 Қаулысымен  енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Батыс Тянь-Шань тау жүйесi Қаратау жотасының бiрегей табиғи кешендерiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

2. Қосымшаға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 196 гектар жер учаскелерi, сондай-ақ жалпы алаңы 34104 гектар қордағы жерлер жер санатынан алынсын және олар тұрақты жер пайдалану құқығымен Мекемеге берілсін.

Көрсетілген жер учаскелерi ауыл шаруашылығы мақсатындағы және қордағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi санатына көшiрiлсін, ал осы аумақта орналасқан ормандар "мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.

3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бiрлесіп, белгiленген тәртiппен Мекеме жерлерінiң жергілiктi шекарасын белгiлесiн.

4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкімі күзет аймағының шегінде бұл аумақтардың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, Мекеме жерлерінiң төңiрегiнде күзет аймағын белгілесін.

5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку