Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 339-347 қосымшалар) (2005.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 339-347 қосымшалар)

(2005.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналардың:

339, 340, 341, 342, 343, 344, 345, 346, 347-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

339-қосымша

 

234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi

 

2005 жылға арналған

"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi

органның қызметiн қамтамасыз ету"

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 1606279 мың теңге (бір миллиард алты жүз алты миллион екi жүз жетпiс тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 40,  41 және 49-баптары; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексi; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 15-бабы; "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7 , 10 және 11-баптары; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Ақпаратқа кipу, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 2 және 3-тараулары; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік әкiмшілiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы"Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi № 1449 қаулысымен бекітілген Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінiң бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру және жүргiзу ережесi; "Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 тамыздағы № 843 қаулысымен бекітілген 2003-2005 жылдардағы кезеңде Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (1 саты); Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1126 қаулысы; "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Министрлiктiң орталық аппаратының, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн оларға жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн қамтамасыз ету; табиғат қорғау заңнамасының сақталуына бақылау функцияларын жүзеге асыру; қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер бойынша СжСОТ ақпараттық жүйелерi шеңберiнде деректердi ақпараттық алмасуды ұйымдастыру және табиғат пайдаланушылар туралы мәлiметтер; өз лауазымдық мiндеттiлiктерiн тиiмдi орындау үшiн қойылған біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы теориялық және практикалық білімдердi, ептiлiк пен дағдыларды жаңарту және кәсiби шеберлiктi жетілдiру; министрлiктiң ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелердi техникалық қолдау және сүйемелдеу, сондай-ақ, компьютерлiк жабдықты қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен қамтамасыз ету, серверлiк жабдықты бағдарламалық қамтамасыз ету; сандық және сапалық көрсеткiштердi (экологиялық талаптар мен нормативтердi) әзiрлеу; Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық конвенцияларды iске асыру жөніндегі Ұлттық есеп берулердi дайындау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: министрлiктiң орталық аппаратын, ведомстволарын және олардың аумақтық бөлiмшелерiн ұстап тұру; министрлiк қызметкерлерiнiң кәсiби біліктiлігі деңгейiн арттыру және кадрларды қайта даярлау; табиғат қорғау заңнамасының сақталуына бақылау жөніндегі жүктелген функцияларды тиiмдi орындау үшiн жағдай жасау; министрлiк бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық базасын күшейту және дамыту; телекоммуникациялық қызмет көрсетулердi сапалы және уақтылы алу, жұмыс iстеп тұрған және қолданысқа енгiзiлетiн ақпараттық жүйелер мен бағдарламаларды сүйемелдеу, әкiмшiлiктендiру және қолдау; министрлiктiң есептеу құралдары мен ұйымдастырушылық техникасын, дербес есептеу желiлерiн жүйелiк-техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру; есептеу желісінiң және ақпаратты қорғаудың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Web-сервердi сүйемелдеу; есептеу құралдары мен жабдықты қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдармен қамтамасыз ету; қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының ғимаратын күрделi жөндеу; сандық және сапалық көрсеткiштердi (экологиялық талаптар мен нормативтердi) әзiрлеу; Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық конвенцияларды iске асыру жөніндегі ұлттық есеп берулердi дайындау.

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

____________________________________________________________________
 N |Бағ.|Кiшi |   Кіші    |   Бағдарламаны   | Іске  |   Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.|    іске асыру    | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. |  лардың   |    жөніндегі     |мерзімі|
ны |коды|лама |  атауы    |    іс-шаралар    |       |
   |    |коды |           |                  |       |
____________________________________________________________________
 1 |  2 |  3  |     4     |         5        |   6   |      7
____________________________________________________________________
1   001       Қоршаған
              ортаны
              қорғау сала-
              сындағы
              уәкiлеттi
              органның
              қызметін
              қамтамасыз
              ету

2       001   Орталық      142 бірлiк санында-  жыл   Қазақстан
              органның     ғы штат санының      бойы  Республикасы-
              аппараты     бекітілген лимитіне        ның Қоршаған
                           сәйкес Қазақстан           ортаны қорғау
                           Республикасы Қорша-        министрлігі
                           ған ортаны қорғау
                           министрлігінiң орта-
                           лық аппаратын ұстап
                           тұру және қызметiн
                           қамтамасыз ету, оның
                           iшiнде 31 бірлiк
                           санындағы Табиғатты
                           қорғауды бақылау
                           комитетi.
                           Әкiмшілік ғимаратты
                           ұстап тұру және
                           қызмет көрсету,
                           үймеретті, 7 бірлiк
                           санындағы бекітілген
                           лимиттi ескере
                           отырып, қызметтiк
                           автокөлiктi ұстап
                           тұру және жалға алу.
                             5 факске, 5 ксеро-
                           кске қызмет көрсету
                           және ағымдағы жөндеу.
                           Өндiрiстiк қызметке
                           қажет қызметтiк
                           сипаттағы қатаң
                           есептілiк бланкала-
                           рын және қызметтiң
                           лицензияланатын
                           түрлерiне мемлекет-
                           тiк лицензиялардың
                           бланкаларын сатып
                           алу.
                           Қазақстан Республи-
                           касы бекiткен
                           халықаралық конвен-
                           цияларды iске асыру
                           жөніндегі 9 Ұлттық
                           есеп берулер мен
                           баяндамаларды дайын-
                           дау бойынша
                           iс-шаралар.

3       002   Аумақтық     827 бірлiк санында-  жыл   Қазақстан
              органдардың  ғы штат санының      бойы  Республикасы-
              аппараттары  бекітілген лимитiне        ның Қоршаған
                           сәйкес Қазақстан           ортаны қорғау
                           Республикасының            министрлiгі
                           Қоршаған ортаны
                           қорғау министрлiгі
                           аумақтық органдары-
                           ның аппараттарын
                           ұстап тұру және
                           қамтамасыз ету. 17
                           факс пен 29 ксерокс-
                           тi ұстап тұру және
                           қызмет көрсету.
                           Қызметтiк үймерет-
                           тердi, 174 бірлiк
                           санындағы бекiтіл-
                           ген лимитті ескере
                           отырып, қызметтiк
                           және арнайы авто-
                           көлiктi ұстап тұру
                           және жалға алу,
                           ғимараттар мен
                           үймереттерге
                           ағымдағы жөндеу.
                             Өндiрiстiк қызмет-
                           те қажет қызметтік
                           сипаттағы қатаң
                           есептілiк бланкіле-
                           рiн сатып алу.

4       007   Мемлекеттік  272 адам санындағы   жыл   Қазақстан
              қызметшi-    қоршаған ортаны      бойы  Республикасы-
              лердiң       қорғау саласындағы         ның Қоршаған
              білiктілігін қайта даярлау және         ортаны қорғау
              арттыру      біліктiлiгiн артты-        министрлігі
                           ру жөніндегі оқу
                           процесiн, Қоршаған
                           ортаны қорғау
                           министрлігінiң
                           қызметкерлерi үшiн
                           мемлекеттік және
                           ағылшын тілдерiн
                           оқытуды ұйымдастыру.

5       008   Мемлекеттік  Астана қаласы бойын- жыл   Қазақстан
              органдардың  ша қалалық аумақтық  бойы  Республикасы-
              ғимаратта-   қоршаған ортаны            ның Қоршаған
              рын, үй-жай- қорғау басқармасының       ортаны қорғау
              лары және    ғимаратына күрделi         министрлігі
              құрылыстарын жөндеу жүргiзу.
              күрделi
              жөндеу

6       009   Мемлекеттік    68 бірлiк санында- жыл   Қазақстан
              органдарды   ғы аумақтық қоршаған бойы  Республикасы-
              материалдық- ортаны қорғау бас-         ның Қоршаған
              техникалық   қармаларының тұрақты       ортаны қорғау
              жарақтандыру зертханалары үшiн          министрлігі
                           зертханалық жабдық-
                           ты саны 2 бірлік

                           автомашиналарды,

                           9 жылжымалы
                           ұтқыр зертханаларды;
                           зертханалық жабдық-
                           пен теңiз кемесiн,
                           16 бірлiк санындағы
                           көшiру-көбейту
                           аппараттарын, 150
                           жиын санындағы
                           қоршаған ортаны
                           қорғау жөніндегі
                           мемлекеттік инспек-
                           торлар үшiн формалық
                           киім-кешектi сатып
                           алу.

Укажите название закладки

Создать новую папку