(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 27.03.04 Ж. № 371 ҚАУЛЫСЫ
Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерiн мемлекеттік сатып алудың
кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 ж. 27 наурыздағы № 371 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2004 ж. 12 мамырдағы № 522 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 24 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi;
2) Мал шаруашылығы өнiмiн мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер және толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 37, 390-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесінде:
2-тараудың 8-параграфы алынып тасталсын;
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына:
5-тармақтың 2) тармақшасында:
сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мал шаруашылығы өнiмiн мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу";
Редакция документа
Демо – версия документа