(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 13.08.98 Ж. № 763 ҚАУЛЫСЫ
Жекелеген отандық өндiрушiлердi қолдау мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 ж. 13 тамыздағы № 763 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 21.12.98 ж. № 1303; 31.03.00 ж. № 485; 02.09.03 ж. № 890
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 9 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Отандық өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 21.12.98 ж. № 1303 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі жүйелердің регламенттік сынақтарының нәтижелерін және тиісті кәсіпорындардың аталған шығындарды төмендету жөніндегі өткізетін шараларын есепке ала отырып, жылу энергиясын бөлу кезіндегі жылу шығындарының нормативтерiн қайта қарасын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі АҚШ-тың Қазақстандағы елшiлiгi мен Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігіне американ рыногындағы қазақстандық ферросилицийларға демпингке қарсы баждардың күшiн жою туралы хат дайындасын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi Қаржы министрлігінiң Салық комитетiмен бiрлесiп, кәсiпорындарға арналған су жинауы лимитiнiң шегiнде қайтарылған суды пайдалану үшiн тарифтердiң ставкаларын төмендету туралы мәселенi қарасын және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетiнiң заңды тұлғалардан табыс салығы бойынша негiзсiз алған 110722435 теңге соманы "Интергаз Орталық Азия" жабық акционерлік қоғамына заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша басқа салықтарды төлеу есебiне есептесiн.
ҚР Үкіметінің 31.03.00 ж. № 485 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi:
Редакция документа
Демо – версия документа