Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 тамыздағы № 763 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1303 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 тамыздағы № 763
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1303 Қаулысы

Жылу энергиясын отандық өндірушілер үшін жылу энергиясының шығындар нормативін айқындау жөнінде нақты міндеттерді дәлдеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. "Жекелеген отандық өндірушілерді қолдау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 тамыздағы № 763 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 28, 236-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі жүйелердің регламенттік сынақтарының нәтижелерін және тиісті кәсіпорындардың аталған шығындарды төмендету жөніндегі өткізетін шараларын есепке ала отырып, жылу энергиясын бөлу кезіндегі жылу шығындарының нормативтерін қайта қарасын".

2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Укажите название закладки

Создать новую папку