(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 14 СӘУРДЕГІ № 357 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
және күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 2005.09.02. № 124 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 9 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" № 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. "Темір жол көлiгiмен тасымалданатын транзиттiк тауарларды кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 наурыздағы № 258 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 75-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы темір жол көлiгiмен тасымалданатын транзиттiк тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртібінде:
мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының кеден органдарын материалдықтехникалық қамтамасыз етудiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 849 қаулысында:
Редакция документа
Демо – версия документа