Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысы

Осы редакция  ҚР Үкіметінің  2005 жылғы 28 ақпандағы  №  175 қаулысымен  енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының үш, оның iшiнде бір бірiншi орынбасары болады деп белгiленсiн.

3. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 шiлдедегi № 743 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 27, 350-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкiметінің

2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды

реттеу агенттігі туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi (бұдан әрi - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкiметінің құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi табиғи монополия субъектілерінің қызметiн бақылау мен реттеу, табиғи монополия субъектілерiнiң қызметiн жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, табиғи және мемлекеттік монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң тәртiбін бақылау, өз қызметiн мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындардың қызметін реттеу мен бақылау салаларында мемлекеттік саясатты iске асыру болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку