«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көктал» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 160 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көктал» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын жекешелендіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 160 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
3-тармақты қоспағанда, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 27 Қаулысына сәйкес күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көктал» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қызмет бейінінің сақталуын негізгі шарт етіп белгілеп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көктал» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мүліктік кешенін тендерде сатуды жүзеге асырсын.
3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Документ утратил силу