«Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 қаулысы (күші жойылды)
Штат санының лимиттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрi жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған:
1) министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi;
2) министрлiктердiң, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттері бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерінің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 қаулысымен
бекiтілген
Министрліктердің, агенттiктер мен
ведомстволардың қызметкерлерi штат
санының лимиттерi
Р/с | Атауы | Штат |
1 | 2 | 3 |
1 | Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі: | 299 |
2 | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы | 400 |
3 | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты | 173 |
4 | Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі: | 374 |
5 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі: | 1298 |
6 | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі | 406 |
7 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: | 297 |
8 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау | 158 |
9 | Қазақстан Республикасы Энергетика және | 317 |
10 | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда | 462 |
11 | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны | 142 |
12 | Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі: | 211 |
13 | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі: | 179 |
14 | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі | 66 |
15 | Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi | 186 |
16 | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын | 31 |
17 | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі | 133 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 қаулысымен
бекiтілген
Министрліктердің, агенттiктер мен
ведомстволардың аумақтық органдары
қызметкерлерi штат санының лимиттерi
Р/с | Атауы | Штат |
1 | 2 | 3 |
1 | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі: | 7691 |
2 | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты | 1398 |
3 | Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі: | 922 |
4 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі: | 21723 |
5 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау | 508 |
6 | Қазақстан Республикасы Энергетика және | 218 |
7 | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда | 290 |
8 | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны | 827 |
9 | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі: | 1370 |
10 | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі | 113 |
11 | Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi | 2690 |
12 | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын | 790 |
13 | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі | 288 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 495 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар iстерi жөніндегі комитетiнің кейбip мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 16 маусымдағы № 662 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 24, 314-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.
3. "Қазақстан Республикасы Tабиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегi агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2004 жылғы 7 шілдедегі № 743 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 27, 350-құжат) 3-тармағы.
Документ утратил силу