«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 312 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 312 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18603 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-3-жолмен толықтырылсын:
«
3-3 | Айналымы «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін есiрткi құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар | 2025 жылғы 1 қыркүйек |
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Документ не введен в действие
Демо – версия документа