Дәріханада дайындалатын дәрілік заттар сапасын бағалау жөніндегі нұсқаулық (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 маусымдағы № 85 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Дәріханада дайындалатын дәрілік заттар сапасын бағалау жөніндегі нұсқаулық (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 маусымдағы № 85 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 732 Бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация, фармацевтика және медицина

өнеркәсібі комитеті төрағасының

2003 жылғы 2 маусымдағы № 85 бұйрығымен

бекітілген

 

Дәріханада дайындалатын дәрілік
заттар сапасын бағалау жөніндегі
нұсқаулық

1. Дәріханада дайындалатын дәрілік заттардың, оның ішінде гомеопатикалық дәрілердің сапасы олардың сапасын сипаттайтын көрсеткіштер кешені бойынша анықталады.

2. Дәріханада дайындалатын дәрілік заттар сапасын бағалау үшін: "Қанағаттандырады" ("Жарамды өнім"), "Қанағаттандырмайды" ("Ақау") деп аталатын екі термин қолданылады.

3. Мына жағдайларда:

1) сипаты (сырт көрінісі, түр-түсі, ісі) бойынша сәйкес келмесе;

2) мөлдірлігі немесе түсі бойынша сәйкес келмесе;

3) ыдырауы бойынша сәйкес келмесе;

4) ұсақталу жағынан немесе ұнтақтарды, суппозиторийлерді, жақпа майларды, гомеопатикалық тритурацияларды қосу жөнінен бір текті емес болса;

5) сұйық дәрілік заттарда көзге көрінетін механикалық қоспалар болса;

6) сиыкайлығы бойынша жазбаларға сәйкес келмесе (бір дәрілік затты екінші дәрілік затпен қателесіп алмастыру, жазылған заттың болмауы немесе жазылмаған заттың болуы; дәрілік затты фармакологиялық әсері бойынша соған ұқсас затпен ауыстырып, бұл ауыстыруды талапта, рецептіде (рецептің, заттаңбаның көшірмесінде) көрсетпесе);

7) Салмағы немесе көлемі бойынша жазбадан ауытқыса, жалпы салмақ (көлем) бойынша ауытқыса, жеке мөлшерлердің жалпы салмағы және олардың саны бойынша ауытқыса, жекелеген дәрілік заттардың жазылған мөлшерлері салмағы (немесе концентрациялары) бойынша ауытқыса (ауытқу нормалары осы Нұсқаулықтың 1, 2 қосымшаларында келтірілген);

8) рН шамасы жөнінен сәйкес келмесе (3 қосымша);

9) тығыздық шамасы бойынша сәйкес келмесе;

10) стерильдігі жөнінен сәйкес келмесе;

11) микробиологиялық тазалығы жөнінен сәйкес келмесе;

12) тығынының тығыздығы бұзылса (стерильді дәрілік заттар үшін);

13) босатылуға арналған дәрілік заттарды ресімдеу бұзылса, "Қанағаттандырмайды" термині қолданылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку