«Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы (2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы
(2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.16.08. № 56 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2024.29.11. № 105 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен өткізу саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жүктерді контейнерлермен тасу, бос контейнерлерді тасу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілері саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;
Демо – версия документа