(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 13 НАУРЫЗДАҒЫ № 383 ҚАУЛЫСЫ
Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.08.00 ж. N 1184; 20.03.01 ж. N 372;
22.12.03 ж. N 1294; 23.06.04 ж. N 691 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1370 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ қайталама ресурстарды ұтымды пайдалану, қайталама қара және түсті металдар рыногын реттеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетiне салықтық түсiмдердi арттыру, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған:
1) 1-қосымшаға сәйкес Заңды тұлғалардың қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың ережесi (бұдан әрi Ереже);
2) ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 691 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 20.03.01 ж. N 372 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 691 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 691 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен:
1) 2004 жылғы 15 шілдеге дейiн Лицензиаттардың қызметін Ережеде көзделген талаптарға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) 2004 жылғы 15 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiмен және Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiмен (қаржы полициясы) өзара iс-қимыл тәртiбін әзiрлесiн және бекiтсiн.
Демо – версия документа