(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 1 СӘУРДЕГІ № 314 ҚАУЛЫСЫ
Штат санының лимиттерін бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 314 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.08.03 ж. N 868 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 21 қарашадағы N 1162 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
(Бұрынғы ред. қара)
"Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) министрлiктердiң, агенттіктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi;
2) министрліктердің, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi бекітілсін.
2. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары жүйесі штат санының лимитін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1443 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары жүйесi штат санының лимитiнде:
"Орталық органның аппараты" деген жолдағы "1459" деген сандар "1458" деген сандармен ауыстырылсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 1 сәуірдегі N 314 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 26.08.03 ж. N 868 қаулысымен өзгерістер енгізілді (бұр.ред. қара)
Министрліктердiң, агенттіктердің және ведомстволардың
қызметкерлері штат санының лимиттері
P/c N | Атауы | штат саны- ның лимиті |
1 | 2 | 3 |
Редакция документа
Демо – версия документа