Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесі штат санының лимитін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1443 қаулысы (ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының ішкі
істер органдары жүйесі штат санының лимитiн бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1443 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 330 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiп отырған:

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының ішкі iстер органдары жүйесi штат санының лимитi;

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күші жойылған кейбір шешімдерінің тiзбесi бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1443 қаулысымен

бекітілген

Республикалық бюджет қаржыландырылатын

Қазақстан Республикасының iшкі істер органдары жүйесi

штат санының лимиті

ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен штат санының лимиттері өзгертілді

      Орталық органның аппараты                           1458
      оның ішiнде Iшкi әскерлер комитетi                  205
      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
      аумақтық ішкi iстер органдарының аппараты
      мен бөлiмшелерi                                     19138
      Республикалық бюджеттен
      қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы
      ұйымдар                                             29844
      оның ішінде:
      Iшкі әскерлер құрамалары мен бөлiмдерi              21227
      оның iшiнде мерзiмдi қызметтегi әскери
      қызметшілер                                         15296
      Тергеу изоляторлары                                 3973
      Қазақстан Республикасы IIМ-нің академиясы           678
      Қарағанды заң институты                             501
      Қостанай заң институты                              300
      Ақтөбе заң колледжi                                 130
      Алматы заң колледжi                                 134
      Семей заң колледжi                                  160
      Шымкент заң колледжі                                214
      Iшкi әскерлердiң Жоғары әскери училищесi            591
      Бастапқы дайындық училищесi                         94
      Емханалы орталық госпиталь                          581
      Кинологиялық орталық                                75
      "Южная" әскери және арнайы жабдықтау базасы         29
      "Северная" әскери және арнайы жабдықтау базасы      23
      "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы                   139
      Автокөлiк қызметiн көрсету мекемесi                 169
      Дипломатиялық өкiлдіктердi күзету жөніндегі полиция
      полкі                                               826
      ЖИЫНЫ:                                         50441

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1443 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Yкіметінің күшi жойылған

кейбір шешiмдерінің тізбесi

1. "Қазақстан Республикасы ішкі iстер органдарының шектi штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74қ қаулысы.

2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы № 282-25қ қаулысы.

3. "Қазақ-өзбек шекарасындағы шекаралық, паспорттық және кедендік бақылауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 22 шiлдедегi № 1032-61қ қаулысының 8-тармағы.

4. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегi № 1433қ қаулысының 4-тармағы.

5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 377-15қ қаулысы.

6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 480-26қ қаулысы.

7. "Қазақстан Республикасы ішкі iстер министрлігінің түзеу мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 3 шiлдедегi № 1003-61қ қаулысы 4-тармағының 1) тармақшасы.

8. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 1761 қаулысының 4-тармағы.

9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1907-128қ қаулысы.

10. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң кейбір ұйымдастырушылық мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1908-129қ қаулысының 1-тармағы.

11. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің түзеу мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 шілдедегi № 907 қаулысы 5-тармағының 1), 3) тармақшалары.

12. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Ішкi әскерлерінің жедел мақсаттағы батальоны" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 9 қазандағы № 1305 қаулысының 4-тармағы.

13. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір ұйымдастырушылық мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1751 қаулысы.

14. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.

15. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы № 361 қаулысының 5-тармағы.

16. "Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 шілдедегi № 723 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.

17. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 шілдедегі № 812 қаулысының 4-тармағы.

18. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының шектi штат санының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 867 қаулысы.












































































































Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку