(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 24 ШІЛДЕДЕГІ № 996 ҚАУЛЫСЫ
2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика
өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске
енгізу" республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі N 996 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 315 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. N 132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Отандық фармацевтика өнеркәсiбiн дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту үшiн бiрегей фитопрепараттарды әзiрлеу және өндiрiске енгiзу" республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар тiзбесiндегі 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 24 шілдедегі N 996 қаулысымен
бекітілген
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
БАҒДАРЛАМА
2002-2006 жылдарға арналған
"Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту
үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу"
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 315 қаулысымен паспорт толықтырылды
Редакция документа
Демо – версия документа