Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 29.01.01 Ж. № 543 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан

Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығы

(ҚР Президентінің 10.02.03 ж. N 1018; 02.12.03 ж. N 1240

Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция Президентінің 2004 ж. 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi қызметтi регламенттеу мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" 2000 жылғы 23 тамыздағы N 402 Жарлығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

2-тармақта:

1) тармақшадағы "Қордың шотында" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шотында" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы "Қор қаражатының" деген сөздер "Қордың" деген сөзбен ауыстырылсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"4) Қазақстан Республикасының Yкiметi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне Қорды қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi жылдық есептi табыс етедi.".

3. Қазақстан Республикасының Yкiметi:

2001 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану үшiн қажеттi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" және "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзсiн;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бiрлесiп, осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қолдансын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку