(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 21 МАУСЫМДАҒЫ № 813 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған
қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі
ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. N 1548; 07.01.00 ж. N 28;
10.02.00 ж. N 197; 06.05.00 ж. N 682; 21.11.00 ж. N 1745;
15.02.01 ж. N 236; 17.04.02 ж. N 445; 18.11.02 ж. N 1217
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. N 476 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Редакция документа
Демо – версия документа