(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 06.12.04 Ж. № 1272 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын
мерекелеуге дайындық және оны өткiзу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1272 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 10 жылдығын (бұдан әрi - Конституцияның 10 жылдығы) мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссия құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған Конституцияның 10 жылдығын мерекелеудiң іс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
Конституцияның 10 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөнiнде тиiстi аумақтық комиссиялар құрсын;
Конституцияның 10 жылдығын мерекелеудiң тиiстi аумақтық iс-шаралар жоспарларын бекiтсiн.
4. 2005 жылы iс-шараларды қаржыландыру тиiстi бюджеттiк бағдарламалар мен кiші бағдарламалар шеңберiнде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2004 жылғы 6 желтоқсандағы
N 1272 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Конституциясы
қабылдануының 10 жылдығын мерекелеуге дайындық
және оны өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамы
Poгoв - Қазақстан Республикасы Конституциялық
Игорь Иванович кеңесiнiң төрағасы, төраға (келiсiм
бойынша)
Бәйгелдi Өмiрбек - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Сенаты Төрағасының орынбасары,
төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша)
Дьяченко - Қазақстан Республикасы Парламентінiң
Сергей Александрович Мәжiлiсi Төрағасының орынбасары,
төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша)
Комиссия мүшелері:
Демо – версия документа