(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИН. 14.11.03 Ж. № 840 БҰЙРЫҒЫ
Стационарды алмастыру медициналық көмегін дамыту туралы Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
2003 ж. 14 қарашадағы N 840 бұйрығы
Осы редакция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 899 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) стационарды алмастыру бөлімшелері (палаталары) қызметінің ережесі;
2) стационарды алмастыру бөлімшелерінде (палаталарында) көрсетілетін медициналық көмектің бағдарлары мен көлемдері бекітілсін.
2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің), емдеу-алдын алу жұмыстарын жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрыққа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында стационарды алмастыру бөлімшелерінің (палаталарының) жұмысын ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | А.А. Белоног |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 14 қарашадағы
N 840 бұйрығымен бекітілген
Стационарды алмастыру бөлімшелері
(палаталары) қызметінің ережесі
1. Стационарды алмастыру бөлімшелері қызметінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Демо – версия документа