Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 5 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 505-II ЗАҢЫ

2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы 2003 жылғы 5

желтоқсандағы N 505-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

Осы редакция 2004 ж. 16 маусымдағы N 564-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

1-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) түсімдер - 875 896 221 мың теңге, оның ішінде:

кірістер - 791 306 164 мың теңге;

алынған ресми трансферттер - 66 908 685 мың теңге;

кредиттерді қайтару - 17 681 372 мың теңге;

2) шығыстар - 968 559 221 мың теңге, оның ішінде:

шығындар - 930 652 184 мың теңге;

кредиттер - 37 907 037 мың теңге;

3) тапшылық - 92 663 000 мың теңге, яғни елдің жалпы ішкі өнімнің болжамды көлемінің 1,9 проценті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің тапшылығын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

2-бап. Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшін төленетін жалдау ақысы республикалық бюджеттің кірісінде 4 215 750 мың теңге сомасында көрсетіледі, оның:

490 560 мың теңгесі ақшалай түседі;

3 725 190 мың теңгесі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сынақ полигондарын жалдау туралы шарттарда айтылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады және оны 006 "Қару-жарақты, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту, сатып алу және қалпына келтіру" және 011 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімді мамандар даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі пайдаланады.

3-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін түсімдер:

17 629 500 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку