(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 21 ҚАРАШАДАҒЫ № 1165 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы
21 қарашадағы N 1165 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
2003 жылғы 21 қарашадағы N 1165 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбiр шешiмдеріне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары және бiлiктiлiк талаптары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 52, 506-құжат):
тақырыбындағы және мәтініндегi "жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды", "жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдаумен" деген сөздер "автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды", "автомобиль көлiгімен қауiптi жүктердi тасымалдаумен, жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдаумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы ережеде:
Демо – версия документа