(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 24.09.03 Ж. № 346 ҚАУЛЫСЫ
Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры
қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын
есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен
мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу
туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысы
Осы редакция ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
Демо – версия документа