Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 5 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 903 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған

бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. N 1084; 26.11.03 ж. N 1183; 29.11.03 ж. N 1210;

19.12.03 ж. N 1273 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 05.03.04 ж. N 283 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы N 165 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жоспары) бекiтiлсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың әрi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретін, мемлекеттiк органдардың (келiсiм бойынша) басшылары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жоспарында белгiленген іс-шаралардың тиiсiнше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн.

3. Орталық атқарушы органдар екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Министрлiктiң (Агенттiктiң) iс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Министрлiктiң (Агенттiктiң) жоспары) әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығымен келiсiм бойынша мiндеттердi бөлуге сәйкес бекiтсiн.

4. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiнде Органның, облыстың, Астана және Алматы қалаларының iс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Органның, облыстың (қаланың) жоспары) әзiрлесiн және бекiтсiн.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку