(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 6 ТАМЫЗДАҒЫ № 785 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 785 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 7 мамырдағы N 1085 Жарлығын iске асыру және Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Штаб бастықтарының комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-теңiз күштері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-теңiз күштерi бас қолбасшысының басқармасы;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Ракета әскерлерi мен артиллерия қолбасшысының басқармасы;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тыл бастығы басқармасы мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.
3. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Штаб бастықтарының комитетi туралы ереже бекiтілсін:
2) (құпия).
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi қайта аталсын.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) бiр ай мерзiмде 2004-2005 жылдар кезеңiне арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң штат санының лимитi бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Қорғаныс министрлiгiнiң, Штаб бастықтары комитетiнiң және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат санының лимиттерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын енгiзсiн;
2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi штат санының лимитi шегiнде Штаб бастықтары комитетiнiң құрылымын әзiрлесiн және бекiтсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа