(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 08.08.02 Ж. № 884 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттiк мұражай-қорықтар ұсынатын
тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану
ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 8 тамыздағы N 884 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 18.08.03 ж. N 820 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттiк мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 8 тамыздағы
N 884 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттік
мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және
қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану
ЕРЕЖЕСI
1. Тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен
қаражатты пайдалану тәртiбi
1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк кiтапханалар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады:
мемлекеттiк кiтапхана мекемелерiнiң материалдық-техникалық базаларын нығайтуға;
қызметтер көрсету үшiн тартылатын мамандар еңбегiне ақы төлеуге;
шаруашылық шығыстарға (жылуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға ақы төлеу, байланыс қызметтерiн көрсетуге ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшiн заттар мен материалдар сатып алу, көлiктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу);
кiтапхана қорларын толықтыру үшiн әдебиеттер сатып алуға;
кiтап қорының, оқу социологиясының сақталуы мәселелерi бойынша ғылыми және әдiстемелiк әдебиеттер шығаруға;
Редакция документа
Демо – версия документа