(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 25 МАМЫРДАҒЫ № 569 ҚАУЛЫСЫ
Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне сату
жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 25 мамырдағы N 569 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 20.01.03 ж. N 59 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 54-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне сату жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағанбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 25 мамырдағы
N 569 қаулысымен бекітілген
Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін
салық берешегі есебіне сату жөнінде
мамандандырылған аукцион өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне сату жөнінде мамандандырылған аукцион өткізудің тәртібін айқындайды.
2. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін сату жөніндегі мамандандырылған аукцион (бұдан әрі - аукцион) - салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін (бұдан әрі - мүлік) салық берешегі есебіне сату жөніндегі конкурстық сауда-саттық.
Редакция документа
Демо – версия документа