(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 18.07.01 Ж. № 973 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн
резервте сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн
және мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережелерiн бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Yкiметiнің 2001 ж. 18 шілдедегі N 973 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.09.03 ж. N 910 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1417 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 08.09.03 ж. N 910 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн резервте сақтау ережесi;
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 08.09.03 ж. N 910 қаулысымен ереженің күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 18 шілдедегі
N 973 қаулысымен
бекiтiлген
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
жерлерiн резервте сақтау ережесi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн резервте сақтау "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 15-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн резервте сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың және орналастырудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағдарламасы негiз болып табылады.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн резервте сақтау облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмиятының қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
Демо – версия документа